|
News
«Хабар телеарнасының жалған жобасы жайында немесе сопылықты қаралауға кімдер мүдделі» атты баспасөз мәслихаты өтті
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2011 жылдың 19 мамыр күні Абай.kz. веб-порталының редакциясында «Хабар телеарнасының жалған жобасы жайында немесе сопылықты қаралауға кімдер мүдделі» атты баспасөз мәслихаты өтті. Жиын сарапшылары нақты деректер мен дәйектерге сүйене отырып, 2011 жылдың 20-21 сәуір күндері аталған телеканалда көрсетілген фильмде авторлар тарапынан жіберілген заңдық өрескел қателіктерді, жалған ақпарат тарату және фактілерді қасқана бұрмалануды теріске шығарылды.
БАҚ өкілдері алдында филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметов, ҚР еңбегі сіңген қайраткер, жазушы Дидахмет Әшімхан, филология ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы Болат Қорғанбек, зерттеуші-журналист Амангелді Жұмаш, саясаттанушы Айдос Сарым, адвокат Абзал Құспанов, «Сенім.Білім.Өмір» Республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Берік Солтыбаев, сонымен қатар жапа шегуші Бақыт Маймақова және Сандуғаш Қиқымбаева қатысып, келесі ойларды айтты.
«Разоблачение фильма «Акикат» телеканала Хабар»
19 мая 2011 года в редакции веб-портала Абай.kz. состоялась пресс-конференция на тему: «Разоблачение фильма «Акикат» телеканала Хабар», в ходе которой со ссылкой на научные данные, Законы РК, с использованием веских аргументов разоблачены грубейшие нарушения законности, факты дезинформации и подтасовок материалов, допущенных авторами этой клеветнической документальной картины, показанной 20 апреля 2011 года на данном канале.
Думан Әли. Ақиқаттан алыс «Ақиқаттың» анығы қандай?
Сопылық ілімді ұстанушылар мен олардың жетекшісі Исматулла Мақсұмға қарсы жасалған шабуыл жайлы баспасөз бетінде қызу талқыланып келеді. Көпшілікке жақсы таныс осы мәселе тоғыз ай тоғыз күні толуға жақындағанда тағы бір толғатылды. Мамырдың 19-ы күні Абай.kz веб-сайтының редакциясында «Хабар телеарнасының «Ақиқат» фильмін әшкерелеу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
«Домалақ» фильмге - жария жауап
Иә, осыдан бір ай бұрын, яғни 21-22 сәуір күндері «Ақиқат» фильмінің белгісіз авторлары жерден жеті қоян тапқандай ел назарын өзіне аударып, «зікірші» деген «құбыжықтармен» халықты бір қорқытып алған болатын. Міне, бір топ азамат осы фильмде көрсетілгендердің ақиқат ауылынан алыс екенін айтуға арнайы жиналыпты. Олар - филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, жазушы, ҚР-на еңбек сіңірген қайраткер Дидахмет Әшімхан, саясаттанушы Айдос Сарым, ясауитанушы Болат Қорғанбек, журналист Амангелді Жұмашұлы, адвокат Абзал Құспанов, «Сенім. Білім. Өмір» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Берік Солтыбаев, сондай-ақ жәбірленушілер Бақыт Маймақова (фильм кейіпкерлерінің бірі), фильмде «сопылар өлтірді» делінетін Айдынның жесірі Сандуғаш Қиқымбаева.
Баспасөз мәслихатына қатысып отырған азаматтар фильм авторлары секілді жасырынбай, өз пікірін ашық білдірді. Басқосуда фильм авторлары тарапынан жабылған жала мен өрескел қателіктер дерек пен дәйектерге, ҚР-ның заңдарына және ғылыми негіздерге сүйене отырып әшкереленді.
Толығымен оқу
Үйлесімсіз үш айып
«Сопылар ісі» баспасөзде жиі талқыланғанымен, оқырман қауым қылмыстық істің жай-жапсарын біле бермейді. Адвокат Абзал Құспановтың айтуына қарағанда, қамаудағы Исматулла Әбдіғаппар мен профессор Саят Ыбырай бастаған топқа тағылған айыптауларды үш топқа бөлуге болады.
Бірінші айыптау - ҚР ҚК-нің 126 б, 3 бөлімі, яғни адамды бас бостандығынан еріксіз айыру. Бұл есірткі мен араққа тәуелді жиырма шақты адамның арызы бойынша қозғалған. Айта кету керек, осы арыз иелерінің көбі кейін арызын қайтарып алыпты. Себебі, бірлестіктің рухани орталықтарында болған нашақорлар мен маскүнемдердің көбі зиянды әдеттерінен арылып, қазір қалыпты өмір сүріп жатыр екен. Мұның мысалы мынадан-ақ көрініп тұр: Түркістан қаласындағы рухани орталықты ішкі істер қызметкерлері аяқ асты тексерген кезде, онда 50-дей адам болған. Осының ішінен 6 адам ғана арыз жазады, қалғаны арыз жазудан үзілді-кесілді бас тартқан.
Екінші айыптау - ұйымдасқан қылмыстық топтар бірлестігін («Сенім. Білім. Өмір» РҚБ) құру және басқару, яғни ҚР ҚК-нің 235 бабы, 2 бөлімі. Әдетте «ұйымдасқан қылмыстық топ» дегенде, біздің көз алдымызға «4 ағайынды», «Қырықбаевтар», «Рыжий Алмаз» сияқты, бұрын бірнеше мәрте сотталған, бақайшағына дейін қаруланған қарақшылар келе қалатын. Ал мынау «қылмыстық топқа» қараңыз: Исматулла Абдуғаппар - бір емес, бірнеше кітап авторы, бірнеше тілді меңгерген, 5 уақыт намазын қаза қылмайтын тақуа, діндар. Сайпулла Моллақанағатұлы - жеті тілді, оның ішінде қазір ұмыт бола бастаған көне түркі, шағатай тілдері де бар, меңгерген ғалым. Киелі Түркістан кесенесінде сақталған барлық қолжазбанды түпнұсқасында оқып, қазақ тіліне толық аудармасын жасаған жалғыз адам. Осы уақытқа дейін ондағы жазбалардың толық мәтінін ешбір ғалым аудара алмап еді. Өзі аса діндар, әрі бар өмірін ғылымға сарп еткен адам. Саят Ибраев - техника ғылымдарының докторы, бірнеше тілді меңгерген, Европада жұмыс істеп, сол жақта үлкен беделге ие болған ғалым, абайтанушы, шәкәрімтанушы. Айыптау жағы Исматулла Абдуғаппарға осы қылмыстық топтар бірлестігін (синдикат) құрды деп айыптап отыр.
«Сопыларға» тағылған айыптаудың үшінші және ең негізгісі - «заңсыз діни экстремистік және қоғамдық бірлестіктер құрып, азаматтардың арасында діни алауыздық туғызды» деген «қылмыс». Шындығында, мәслихат жиынынан белгілі болғандай, «Сенім. Білім. Өмір» қоғамдық бірлестігі осыдан 9 жыл бұрын әділет органдарында ресми тіркелген және күні бүгінге дейін өзінің заңды қызметін жалғастырып келе жатқан ұйым екен. Қандай да бір ұйым «Экстремизмге қарсы күрес туралы» ҚР Заңының 1 бабының, 6 тармағына сәйкес, заңды күшіне енген сот шешімімен ғана экстремистік деп танылуы керек. Ал күні бүгінге дейін Қазақстанда 14 ұйым сот шешімімен «экстремистік» деп танылып, олардың қызметіне тиым салынған. Бірақ, олардың ішінде «Сенім. Білім. Өмір» РҚБ жоқ.
Сақ болыңыз, сіз де экстремист емессіз бе?!
«Сопыларға» тағылған айыптаулардың қисынға сыймайтын қиындылардан құралғанын мынадан-ақ байқауға болады: Тергеу аясында жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша, «Сенім. Білім. Өмір» РҚБ мен «Абжад» интеллектуалдық клубы өз қызметі арқылы уаххабшылардың діни нанымы мен сенімін қорлаған көрінеді! Яғни, ваххабизмнің елімізге тигізетін зияны туралы әңгімелер мен тарихи деректерді айту - қылмыс болып саналады екен!
Егер жағдай шынымен солай болса, бұл азаматтар өз қылмысын толық мойындауға дайын! «Бейімбет жау болса, мен де жаумын!» дейтін Ғабең секілді, «ұлттың тамырына балта шауып, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіріп жүргендермен күресушілер жау болса, біз де жау шығармыз» дейді олар. Осы көзқарастан таю олардың ойында да жоқ.
Егер мәселені осы қырынан алып қарасақ, онда еліміздегі саясаткерлердің тең жартысы экстремист болып шықпақ. Мысалы, 2010 жылдың қыркүйек айында Парламент Мәжілісінің депутаты А.Бекенов соңғы кездері ваххабизмнің ықпалы Қазақстанда, оның ішінде Батыс Қазақстан облыстарында күшейіп кеткендігін айтып, оны қатаң бақылау қажеттілігі туралы Республикамыздың Премьер-министріне депутаттық сауал жолдады. Ваххабизмнің қатері жөнінде БАҚ бетінде жарияланған материалдарда шек жоқ. «Сонда қалай, осы аталған адамдардың бәрін біз экстремист деуіміз керек пе?» - деген сұрақ тастады адвокат Абзал Құспанов.
Тіпті, басқасын былай қойғанда, ҚМДБ-ның өзі 2011 жылғы 4 наурызда ресми патуа шығарып, ваххабизмді аса қауіпті діни-саяси бағыт деп таныған болатын! Демек, ҚМДБ да уахабшылардың діни сенімін қорлаған ба?!
«Арысымның аруағына тыныштық беріңдерші!»
Жоғарыдағы «Ақиқат» фильмінің ең бір шырқау шегі, көрген адамның жүрегін ауыртып, жағасын ұстататын тұсы - марқұм Айдын Тілежановтың өліміне қатысты бөлігі. «Хабардың» белгісіз авторлары фильм кейіпкерлерін қаралау үшін ештеңеден тайынбайтынын көрсетіпті.
- «Айдын өз ажалынан өлмеді, мәйіті ауыстырылған» деген айыптау жанымды ауыртты. Құдай қосқан қосағым марқұм Айдынның сүйегін қазып алып, тірі жанға қиянаты жоқ азаматтарға жала жауып жатқанын естігенде жүрегім су ете қалды. Жағамды ұстадым. Айдын сұраусыз жатқан адам емес қой, артында бала-шағасы, мына біз қалдық. Неге маған ескертпеді имансыздар? Онысы аздай, күйеуімнің сүйегін әлі күнге дейін орынына қайта көмбеген. Бейіті ойрандалып жатыр. Жала жабудан ғана тұратын «Ақиқат» деген фильмсымақты көргенде, үйдегі қызым Бибінұр: «Әкем тірі екен ғой, мама?! Тірі болса, неге бізді іздеп келмейді?» деп жылап, әкесін іздегенде, жанымды қоярға жеп таппадым. Бала-шағамның көңіліне алаң туғызып, жүрегін жаралап кетті. Әсіресе, енемді, Айдынның анасын аяймын, оны да сергелдеңге салып қойды. Баласын өлімге кім қисын, ананың аты ана емес пе?! Қайын атам Айдынның мәйітін көріп, баласы екеніне көзі жеткен болатын. Сонда біздің жанымызды ауыртып, аруақты қорлағандардың мақсаты не?» - дейді Сандуғаш Қиқымбаева.
Баспасөз мәслихатына Жамбыл облысы, Шу ауданынан арнайы келген Сандуғаш сонау 2005 жылдың жазында Түркістан қаласында болған оқыс оқиғаның кейбір жай-жапсарын айтып өтті. Айдын марқұм жүздеген адамның көз алдында, қалалық жағажайда суға кеткен екен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, дәрігерлер келген. Мәйіт бір күн қалалық мәйітханада болған. Айдынның достары ертесіне мәйітті Алматы облысы, Райымбек ауданы Тұйық ауылына көлік жалдап алып кеткен. Сол жаз өте ыстық, температура 50 градусқа дейін жеткені белгілі. Алыс жолда, күннің ыстығына шыдамай ісіне бастаған мәйітті әкесі өзі көріп, анасына, нәзік жанды әйел адамдарға көрсетпеген. Болған біткені сол. «Қапияда қыршынынан қиылған азаматтың өлімінен астар іздеп, жалаға толы байламдарымен елді шулатып, оны нақақ азаматтарға қылмыс қып таңуға тырысқан «ақиқатшылардың» көксегені қандай ақиқат?!» - дейді жаны жараланған жесір әйел...
- Фильмде Айдын есімді адамды өлді деп, оның денесін басқа бір өз ажалынан өлмеген адамның денесімен алмастырып қойған-мыс деген дерек келтірілген. Алайда менің қорғауымдағы азаматтарға қатысты қылмыстық іс 2011 жылдың 7 сәуірінде аяқталды. Онда мұндай дерек тіпті жоқ. Менің қорғауымдағы азаматтарға марқұм Айдын Тілеужановқа қатысты ешқандай айып тағылмаған», - дейді адвокат Абзал Құспанов. - Сонда, «Ақиқат» «іздеушілер» көрерменді әдейі жаңылыстырып отыр ма?!
Жалақордың мақсаты не?
Баспасөз мәслихатына қатысушылар жалпы осы фильмді түсіріп, көрерменге көрсетушілердің мақсаты не деген сауалға қатысты өз болжамдарын ортаға салды.
Адвокат Абзал Құспанов «Хабар» телеарнасында көрсетілген деректі фильмнің дәл сот болар алдында көрсетілгенін, және оның нақты себебі бар екенін айтады. «Ең бастысы, біз істі алқа билер сотында қаралуын қалаған едік. Мына фильм айыпталушылар жөнінде қоғамда алдын-ала жағымсыз пікір қалыптастырып отыр. Айта кететін мәселе, сот алқа билері кәсіби заңгерлер емес, қарапайым адамдар, әртүрлі мамандық иелерінен тұрады. Сот үкімі солардың көпшілік дауыс беруіне байланысты шығарылады. Заңды былай қойғанда, күнделікті тәжірибеде өздеріңіз көріп жүрсіздер ғой. Кез келген қылмыстық хроникада қылмыс жасады деген күдікті адамның толық аты-жөні аталмайды және істің мән-жайы айтылмайды. Ал, бұл жерде «Хабар» телеарнасы оның бәрін былай жиып қойып, тіпті қылмыстық іс материалдарында жоқ мәліметтерді де айыпталушылар жасады деп көрсетіп жіберді» - дейді А.Құспанов.
«Ақиқат» авторлары «Исматулла Мақсұм билікті басып алуға әрекеттенді» деген жала мәлімдеме жасайды. Ол туралы фильмде төрт сюжеттен дәлел іздеуге тырысып бағады. Бірінші, Исматулла Мақсұм исламда қасиетті саналатын Махдидің атын атайды. Екіншісі, 10-шы ғасырда Солтүстік Африкада, ортағасырлық Испанияда және 19-шы ғасырда Мысырда Махди атын жамылған топтар мемлекеттік билікті төңкергенін келтіреді. Үшіншісі, «Сенім. Білім. Өмір» РҚБ-нің әскери бөлімдердегі шаралары туралы сюжет көрсетіп, «бірлестіктің үгіт-насихат жұмысы қарулы күштерге басым бағытталды» дейді. Алайда, сөйте тұра авторлар бұл шаралар барысында бірлестік мүшелері экстремистік пиғылда уағыз айтқан деп еш дәлел келтірмейді. «Бірлестіктің соңғы он жылғы жұмысы сырттан келіп, дін атын жамылған радикалды топтарға ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі рухани құндылықтармен ғана қарсы тұруға болатынын дәлелдеді. Сондай-ақ, татулық пен бейбітсүйгіштікті насихаттап, мемлекеттік саясатты қолдап келеді» дейді Берік Солтыбаев.
Төртіншіден, фильм авторлары «Ясауи» вокалды тобын Исматулла Мақсұм шетелдегі белгісіз жақтас, сыбайластарына таныстырып, кездестірді» деген емеурін жасайды. Шын мәнінде, фильмдегі кадрлар Исматулла қаридың Иран президентінің сунниттік мәселе жөніндегі кеңесшісі Нұр Муфидимен, сондай-ақ, осы елдегі түрікмен диаспорасының мүфтиі Әбдіразақ қажымен кездесуінен алынған еді. Бұл адамдарға Исматулла Мақсұмды осы елдегі қазақ диаспорасының мүфтиі Мейрам қажы Шандабай таныстырған. «Ақиқатта» көрсетілген бұл кадрлар 2009 жылы Мақсұмның Иранға сапары түсірілген жеке бейнетаспадан «қиып» алынған. Журналист Амангелді Жұмашұлы: «Бұл тұлғалар - өз еліне аса танымал азаматтар, олар қонаққа келген қазақ қариды құрметтеп жатыр», - дейді. Сондай-ақ ол Исматулла Мақсұмды 1992 жылдан бері танитынын, жан-жақты зерттегенін, адалдықтан басқа ешқандай жамандық көрмегенін айтты.
Адвокат Абзал Құспанов «Хабар» агенттігі» АҚ-ның лауазымды тұлғалары тарапынан бір емес, бірнеше заң нормасы бұзылғандығына нақты тоқталып, агенттікті сотқа беру шаралары атқарылып жатқанын жеткізді. «Заң бойынша, қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ. Алайда, деректі фильм түсірушілер тарапынан маған сенім білдірушілердің келісімінсіз, олардың бірнеше қайтара бейнелері көрсетілген. Сонымен бірге олардың сөздері бұрмаланып берілген», - дейді адвокат.
Зікір туралы пікір
Фильмде исламның ажырамас бөлігі сопылықтың басты ғұрыптарының бірі - зікірді «гипноздық рәсім» деген пайым жасалған. Авторлар сарапшы ретінде кәсіби біліктілігі күмәнді, анығы, дінтану ғылымына еш қатысы жоқ азаматтарды алға тартады. Журналист Ораз Әлімбеков, саясаттанушы Елена Бурова, қаржы полициясы арнайы бөлімшесінің белгісіз қызметкері де өз пікірін білдіреді. Ал ясауитанушы ғалым Болат Қорғанбектің айтуынша, сопылықты зерттеген ғалымдар зікір ғибадатын «шайқалған» дене қимылдарымен бірге атқарылатынын тәптіштеп баяндаған және оның гипноздық әсерге еш қатысы жоқ. «Қазақ даласында өткен Балмағамбет Балқыбайұлы, Сәттіғұл Жанғабылұлы өз жырларында зікірдің жүрек тазалығына қызмет еткенін айтқан», - дейді Болат Қорғанбек.
Баспасөз мәслихатында Мекемтас Мырзахметұлы: «Мың жыл бойы ата-бабамыз ұстанып келген дәстүрден «олар» айтты екен деп бас тарта алмаймыз. Мен өзім зікір салғаным жоқ, бірақ менің атам Түркістанға барып зікір салып, рухани тазарып келіп жүрген. Бізге рухани тазару аса қажет. Салқын саясаттың ықпалымен зікір ғибадаты халық жадынан жоғалып кеткен. Зікірді неше жыл бойы біздің санамыздан мақсатты түрде өшірген. Зікірден қорқатын ештеңе жоқ, себебі біздің бабаларымыздың барлығы зікір салған. Ал «Ақиқат» фильмі - авторы жоқ болғандықтан «некесіз» туған, шатасқан шата фильм болды», - деді профессор.
Жазушы Дидахмет Әшімхан да ислам тарихында, оның ішінде қазақ даласында зікір ғибадаты болғанын тарихи деректермен дәлелдеп өтті. Исматулла Мақсұмның «Жария зікірдің дәлелі» кітабын шығарған, автормен бірнеше мәрте кездескен баспагер жазушы қазір қамауда отырған қаридың «Тәуелсіздікті Құдай берген бізге, Патшаны сыйлаңыздар, дұға тілеңдер, ол Құдайдың жердегі өкілі», - дегеннен басқаны айтпайтын тақуалығына куә болғанын ортаға салды.
Бір қызығы, қорғаушы Абзал Құспановтың айтуынша, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі арнайы мамандарды қатыстырып, бірлестік мүшелері қолданатын зікір ғибадатына сараптама жүргізген екен. Нәтижесінде аталған діни жоралғы ислам нормаларына сәйкес келеді деген қорытынды жасалған.
Тапсырыс беруші кім?
Басқосуда журналистер тарапынан «Сопылардың ізіне түсіп, қуғындауға мүдделі қандай топ бар? Яғни «заказчик» кім?!» деген сауал сан мәрте қойылды. Мәслихатқа қатысушылар «Заказчиктің» кім екенін «Хабар» арнасы жақсы білуі керек!» деп жауап берді.
Адвокат Абзал Құспанов тапсырыс берушінің портретін былайша елестетеді екен: «Ол» - үлкен лауазымды қызметте отырған және құқық қорғау органдарына ықпалы жүретін адам. «Оны мынадан көруге болады: бұрын жабылып қалған істі Бас прокуратура өткен жылы 21-тамызда, яғни бір күннің ішінде бұзып, Ішкі істер министрлігіне жібереді, сол 21-тамызда Махамбетова Қаржы полициясына арыз жазып, сол күні ол Ішкі істер министрлігіне жолданып, тіркеліп үлгереді, сол күні қылмыстық іс қозғалып, тергеу тобы құрылып, Исматулла Әбдіғаппар ұсталып үлгереді. Сонда бәрі бір күннің ішінде істеліп отыр. Осыған қарап, тапсырыс беруші өте ықпалды адам екенін көреміз. Және ол адам қоғамдық пікірден, жалпы ақпараттардың жарияланып кетуінен қатты қорқатын адам, бірақ нақты кім екенін білмеймін», - деді адвокат А.Құспанов.
Саясаттанушы Айдос Сарым Ақтөбедегі жанкештінің өз-өзін жарып жіберуіне қарап, жалпы діни ахуалға қатысты мәселе туралы ойланатын кез әлдеқашан жеткенін айтты. «Саят Ибраевқа қойылып отырған негізгі айып - «Абай.кz» сайтына жарияланған сұхбатында «салафит, ваххабит сияқты «иттер» қаптап кетті» деп, салафиттер мен ваххабиттердің арына тиді» деген айып тағып отыр. Мен мұны анық білемін, өйткені маған сарапшы ретінде осы мәселені қарауды өтініш еткен болатын. Жақында Діни басқарманың салафизм, ваххабизмнің адасқан ағым екенін айтқан пәтуасы шықты. Ал, енді осындай ағымдарды еліміздегі мүдделі топтар қолдап отырса, бұл ойланатын жайт», - деді Айдос Сарым. Одан әрі: «Жалпы кімнің тапсырыс бергенін жақсы білеміз, барлығы да шенді-шекпенді тұлғалар, құқық қорғау органдарында істеген адамдар. Сондықтан олардың біраз нәрсені істеуге құзіреті жетеді. Кеше «баспасөз мәслихаты өтеді» деп біраз редакцияға, телеарналарға хабарласып шықтым, бәрі «келеміз» деген, алайда бүгін азғана журналист төбе көрсетіп отыр. Осыдан-ақ олардың қандай құзіреті бар екенін біліп, сезіп отырған боларсыздар», - деді саясаттанушы.
Түйін
Баспасөз мәслихатына қатысушылар Исматулла Әбдіғаппар мен оның шәкірттеріне қатысты әділетсіздікке жол берілгендігін, оларға жала жабылғанын айтып, осы мәселе Елбасының назарына жетсе екен дейді. «Тоғыз ай бойы Қазақстан Президентінің атына осы заңсыздықтар туралы бір емес, бірнеше рет хат жолданды, бірақ біздің өтінішіміз Елбасыға жетпей жатыр немесе Исматулла ақсақалдың қызметін бұрмалап жеткізуде деген ойға қалып отырмыз. Ал, Мақсұм және оның шәкірттері саясаттан алыс, Отаны мен халқына әрдайым қызмет етеді, Елбасының саясатын қолдайды, еліне адал болып қала береді», - деп мәлімдеді олар. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселеге назар аударса екен» дейді олар. Жақында зиялы қауымның елге танымал өкілдері қол қойған тағы бір ашық хат Елбасыға жолданыпты.
«Соқырдың тілегені екі көзі» деген бар емес пе?! Алмағайып заманда Қазақстан үшін тыныштық мен ауызбіршілік ауадай қажет. Сол тыныштықты алатайдай бүлдіретін, аз қазақты бөле қырқып, берекесін алған даулы «Ақиқаттың» белгісіз авторларынан үн жоқ. Астанадай байтағында түрлі діннің өкілдерін құшақ аша қарсы алған саялы бақ - елімізде Ясауи іліміне ден қойған ат төбеліндей азаматқа қазірше орын табылмай тұр. Баспасөз өкілдеріне шерін тарқатқан ынтымаққа зәру қауымның торысы мен төбелі Елордадан үмітті. Сол үміт далаға кетпесін деп тілек етейік.
Толық бейне ақпарат осында:
http://yvision.kz/yv/158638
http://internettv.kz/
http://ushqiyan.kz/?p=3720
KIWI.KZ:
http://kiwi.kz/watch/4kiz690nzxg8/
http://kiwi.kz/watch/jwcrd80ft1ja/
http://kiwi.kz/watch/kepg0x9iqc3a/
Дереккөз:
http://abai.kz/content/duman-eli-akik...dai?page=1
Теги: политика
«Экстремизммен» кім бір бауыр? немесе Ораз Әлімбектің жаңа «заказы» туралы ақиқат
"ЖҰМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ", 13.05.2011,№19 (622), 15-бет
«Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар» (Хәкім Абай)
«Экстремизммен» кім бір бауыр? немесе Ораз Әлімбектің жаңа «заказы» туралы ақиқат
Мына жалғанда пенделік қуанышқа себеп көп. Ол жәйт жүрегіңді қан жылатып тұрса да, ақиқаттың өңін айналдырып, нәжісін жақтауға жағып жатса да, қуануыңа тура келетін мезгілдер болады кейде. Жақында сондай бір қуанышқа кенеліп қалдым, себебі: Ораз Әлімбек ескі «заказын» жаңадан алыпты... Ескі болатын себебі, бұл заказбен ол кемі жеті жыл «айналысып» келеді. Жаңасы мен ескісінің парқы тек, әр кезде оның «заказчиктерінің» ауысып тұруында ғана. Бұл жолғы заказы да сол өзі «зерттеп» жүрген сопылар немесе өз сөзімен айтқанда «ысматоллашылар» туралы екені анық. Рас, осы сопыларда арман жоқ. Оларды жамандаудың «арнайы штатындағы» журналистер осымен шай-суын айырып жүр! Сыртыңнан ғайбат айтып болса да, әйтеуір сенің себебіңнен бір қазақ нәпақа тауып жеп жүрсе, қуаныштың зоры сол емес пе? «Жас қазақтың» соңғы нөміріндегі «Шынның жүзі қандай?» деген мақаладан «Орекең іске кіріскен екен» деп білдік. Ораз Әлімбек дәйекті, тиісті жауабын алса да, соңғы «зерттеуіне» жеті жыл бұрынғы мақаласымағындағы ескірген өсең-аяңдарын қоспасыз қайталауымен «сопыларды сойып салдым» деген әсерде жүрген болар. Бірақ, «жыртық тұрып, тесікке күліпті» деген сөзді ол ұмытпаса керек-ті.
Ораздың кегі
Бүгінгі тақырыбымыз бойынша, белгілі де, белгісіз де жайлар бар. Ораздың «заказды» кімнен алғаны бұл жолы белгісіз болып отыр. Интернетке сенсек, сопыларды қуғындаудың артында елдегі белгілі бір топтың саяси тапсырысы тұрған сыңайлы. Қазір ұстараның жүзіндей нәзік тақырып дін мәселесімен қаржы полициясының айналысуы істің «заказной» екенінің басты дәлелі ретінде ұсынылуда. Көптен бері Мақсұмға тісін басып жүрген «қызба мұсылмандар» да айғайға аттан қосқан деседі. Түстікке телінетін ол топтың «көсемі» қуғындалып, бас сауғалап, басқасы көз алдымызда бытырадай шашылып жоқ болуда... «Қиянат қияметке кетпейтіні» рас екен! Онда Ораз тапсырысты «солардан» алған ба?!
Айтпақшы, Ораздың сопыларға сонша кектенуінің тарихын да айта кету керек шығар. Ысматолла қаридың ізінен шам алып түсетіндей, мақаласын жыл сайын жаңартып, оқырманға ұсына беретіндей «Ол кісі бұл балаға не істеп қойды екен?» деген сұрақ мені де мазалайтын. Білсек, Ораздың кегі «ҚАЗАҚСТАН» телеарнасынан басталады екен. Кәсіби біліктілігі кем болды ма, кім білсін, ұлттық арнаның бұрынғы басшысы Ғалым Доскенмен 2004 жылдары ол бір шаңырақтың астында істесе алмай, корпорация басшысы оны жұмыстан шығарып жіберген. Соны көтере алмаған Ораз қалайда Доскеннен кек алуды ойласа керек-ті. Содан кінәні өзінен іздеудің орнына кектенген Ораз телеарнаның түбіне жету үшін дүрбіні түрліше салып көрген де, кездемесіне ілінген сопыларға өшіккен. Жаңа зерттеу жұмысын ойлап тауып, сопылық дегенді құпия ложадай елестетіп, оған кіргеннің бәрі билікті аңсаушы, дін атын жамылған «қасқырлар» қылады да, ақиқаттан алыста жатқан өз қиялын халыққа таңады келіп.
2005 жылдан бері біресе Өтемұратовқа қарасты «31 арнада», біресе «қазақтілді» министр Ертісбаевтың қолтығын сағалап жүріп Ораз Әлімбек сопылықты әбден «зерттеп» тастайды. (Арасында «Ар», «Айқын» газеттеріне аз мерзім істеп, өз «өнімдерін» ұсынғанын айтып жатпаймыз...) ұялмай мақалаларының соңына «сопылықты зерттеуші» деп қол қойғанын да көрдік. Шамамен 2007 жылдың жазында Ораз Әлімбектің «зерттеуі» тоқырауға ұшырады. Қиялы таусылғаннан емес, мойын бұрғызбас көлденең кезіккен кесапат оның зерттеу жұмысын тоқтатуға мәжбүр қылды. Себебі, сопылардың ізіне шам алып түсіп, қайтсем де оларды құзырлы орындардың назарына салып, құрықтаймын деп жүрген «зерттеушінің» өз басы бәлеге ұрынды.
«Тілегеннің қарнына»
Ораздың өрмекшінің торындай қым-қиғаш өтірігіне кім сеніп, кім сенбегенін бүгіннің биігінен айыру қиын. Бірақ, Ораздың біреуге қазған орына өзі түскенін бірі білсе, бірі білмес. БАҚ бетінде 2007 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті Ораздың туған ағасы Нұрлан Әлімбековтің үстінен «БАҚ құралдарын пайдалана отырып, ұлттық және діни алауыздықты қоздырғаны» үшін қылмыстық іс қозғап, қамауға алған болатын. ОҚО ҰҚК департаменті қызметкерлерінің айтуынша, Нұрлан электронды пошта арқылы экстремистік пиғылдағы хаттар жазып, таратқан. Нақтырақ айтар болсақ, О.Түрекешов басқаратын «Интерлинк Рисорсиз Инк, Центр Развития» деген компанияның электронды поштасына Н.Әлімбековтен экстремистік сарындағы хаттар келіп түскен. Хаттардың жалпы саны 23 деп айтылады. Содан О.Түрекешов ОҚО ҰҚК-не арыз жазып, соның негізінде тергеуші Т.Тұрманов Н.Әлімбековтің үстінен қылмыстық іс қозғайды. Яғни 2007 жылдың мамыр, маусым айларында ұйымдастырылған құпия операциялар нәтижесінде: «Алимбеков Нурлан Оспанович является приверженцем религозного экстремизма. ...указанное лицо по внешним признакам ведет религиозный образ жизни, в часности, носит бороду и допускает проведение коротких дагуатов. А также, Алимбеков Н.О. посещает Интернет кафе “Сору grant” (Грант), расположенный по ул. Байтурсынова. По связи «Интернет» ведет переписку с членами «ваххабитского жамагата» с использованием E-mail адрес Chicago_chim@inbox_ru», – деген қорытындыға келеді. Бұл ҰҚК анықтамалығы. Ағасы абақтыға түсіп, Орекеңнің бас қайғысымен кетуін сопылардың рухани жетекшісі Ысматолла Мақсұмның наласынан көрушілер де бар. Кешегі «Хабар» арнасындағы «Ақиқат» фильмінде Ысматолла қарияның өзі «маған нақақ ұрынғандардың, қиянат қылғандардың сау қалғаны жоқ» дей келіп ауызға алған, мақсұмның шәкірттерінің ізінен қуып жүріп, «бәлеге ұшырап кеткен» журналисі Ораз ба, басқа ма ол арасын айыру біздің міндет емес. Сонымен не керек, Ораздың сопылардың айналасынан іздеп жүрген «экстремисі» (оның бір «зерттеу» мақала-сымағы «Діни экстремизмнің сопылық синдромы» деп аталып, сопылықтың жаулары тарапынан армансыз таратылғаны есте шығар) оның өз үйінен шықты. Ораздың «көктен іздегені, жерден табылды». Бұл хикаяның құны Оразға арзанға түскен жоқ. Принципшіл журналист Ораз Әлімбек қайтті? Әрине, қарсы тұрды. Кімге? Құзырлы орындарға, ҰҚК-не... Бұл істегі оның «қажыр-қайратына» қайран қалмасқа шараңыз қалмайды. Ол «Нұрлан Әлімбековтің бостандығы үшін» қоғамдық қозғалысын құрып, митинг ұйымдастырып, «құрметті азаматтарымыз бен отандастарымызды» митингке шақырып, тіпті билікке қарсы үгіт те жүргізді. Байқаған боларсыз, қазір саяси тапсырыстың маманы болған Ораз Әлімбек ол кезде саяси күрес тәсілдеріне де жүйріктігін танытты. Митинг өткізді, халықаралық ұйымдарды іске қосты. Әйтеуір, Нұрланның қамалуына орай елде саяси көңіл-күй туғызды. ЕҚЫҰ деңгейінде де талқылау жасады. Адам құқын қорғаушы ұйымдардың ішіндегі төресі «Хьюмен Райтс Вотч»-тың жетекшісі Уаллт Карнерге де жұмыс тауып берді, ол ел басшылығына арнайы хат та жолдады. Нұрлан Әлімбек жалпы түрме мен жүйке ауруларын емдейтін арнайы емханада он бір жарым ай қамауда жатты. Тек 2008 жылдың тамыз айының басында жарыққа шықты. Онда да толық ақталып емес, психикалық ауруынан толық емделіп болғанша қылмыстық істі уақытша тоқтату жолымен босап шықты. Ораздың Нұрланды қорғауы табиғи нәрсе. Бір жатырдан шыққан бауырын кім қияды?! Бұл үшін оны кінәлаудан аулақпын. Тек, адам өз басындағы осындай қасіретті басқаға келгенде ұмытып, атой салып, еліріп кетуге неге сонша құмар екен деп ойлайсың. Қазір сопыларға қарсы жұмбақ күштердің арандатуымен теңдессіз қиянат орын алып жатқанын басқа да мақалаларымызда айтқанбыз. Солай болып жатса да, олардың дәл Ораз Әлімбектей саяси айла-тәсілдерге жүгінгенін көрген жоқпыз. Тіпті, сопыларды қаралаудың көкесі «прайм-тайм» уақытында жалаға толы фильмді айналдырып қоюмен де көрінді. Сонда да үн жоқ бұларда. Ораз, сен Нұрланның қоғамдық қорғаушысы болып қанша хат, мақала жаздың. Кейбіреулерге жаздырдың. Мысалы, өзінің бұл жағдай туралы мақаласының соңында танымал журналист Жәнібек Сүлеев «мақала Ораз Әлімбектің айтуымен жазылды» деп көрсеткен.
Сопылар дәл сен құсап, бірнеше шетелдік елшілікке өтініш хат жіберіп, саяси баспана сұраған да емес. «АҚҚА ҚҰДАЙ ЖАҚ», «БАС ЖАРЫЛСА, БӨРІК ІШІНДЕ, ҚОЛ СЫНСА, ЖЕҢ ІШІНДЕ» деген, қазақ ішіндегі мәселелерімізбен дұшпанға таба болмайық деп, істің ақырын Аллаға тапсырып отыр! Қазақта «біреуге тебен тықпас бұрын, өзіңе ине тығып көр» немесе «өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме» деген сарындағы нақыл жеткілікті. Ендеше, Ораз-ау, «Жас қазақтағы» мақалаңда сопылардың үстінен арыз жазған нашақорлардың сөзіне имандай сенесің, ал өзіңнің ағаң «Нұрлан Әлімбек экстремистік сарындағы хаттар таратты» деп 2007 жылдың 29-маусымында ҰҚК-ға арыз берген «Интерлинк Риссорсиз инк центр развития» компаниясының филиал директоры О.С.Түрекешовтің осы қадамға өз еркімен барғанына күмән тудырғансың. Сонда қалай? Экстремизм мәселесінің исі мұрнына бармайтын кәсіпкердің философтың үстінен арыз жазғаны күмәнді болса, әр жылдары тәрбиеленіп кеткен, тіпті оңала бастап қайта бұзылған нашақорлардың Ысматолла Мақсұмның үстінен арызды өз еріктерімен төгілдіріп жазды деу ақылыңа қалай сиып тұр? Анығы, кәсіпкерге де, нашақорға да «мүдделі күштер» «жазғызған» шығар. Сонда Нұрланның үстінен арызды біреу «жазғызды» да, Ысматолла Мақсұмның үстінен өз еркімен нашақорлар өздері «жазды», солай ма? Неге қылдан таясың, Ораз... Ақыры айтқышсың ғой, саған бір тақырып ұсынайын, әр кезде сен сияқтылардың («Столичная жизнь» апталығы, т.б) айдап салуымен Ысматолла қаридың медресесіне лап қойып, емделіп жатқан нашақорларды «құтқарушылар» олардың «өз еркімен» жазған арыз-сымағын пайдаланып келді. Бүгін де солай істеп отыр. Енді сен сол бұрынғы арызданушыларды іздеші, олардың кейбірі тірілердің арасында бар ма екен... Сонау 1999 жылдан бері қаншама «құтқарылған» басқа дүниенің суын ішті екен. Олар Ысматолла қаридың қарғысынан қаза болды ма? Жоқ. Анығын тексерсең, басым көпшілігінің есірткіні шектен тыс мөлшерде пайдаланудың («передоза») себебінен мерт болғанына көзің жетеді. Есірткі деген пәлеге еркін ұрлатқан олардың да, соның азабын онымен бірге тартқан жақын-жұрағат, туыстарының да соңғы үміті осы Шәкәрім медресесі еді... «Ақымақтың достығы дұшпанның жаулығымен тең» демекші, сен сол үмітті үзуге септестің. Егер сен сияқтылар Мақсұмға қарсы құзырлы орындарды айдап салмай, ісіне қолдау көрсеткенде, Қазақстанда бүгінде нашақор, ішкіш қалмас та еді?! Жаңағы «құтқарылған», сосын жас өмірі қыршынынан қиылған бауырларыңның обалы кімнің мойнында, Ораз?! Ең құрығанда, бойыңда шын әділеттің жұрнағы болса, ақыл есі түзу немесе медреседен емделіп шыққан, қоғамның көзсүйінішіне айналған азаматтардың да пікірін неге келтірмейсің? Бұл арада сенің сопылардың үстінен жазған былапытқа толы, лас мақалаларыңды келтіріп жатудың өзін жүрек айнытатын былғаныш жұмыс деп отырмын. Ойлы оқырман мұнымды өзі түсінер. Өйткені, сенің жазғандарыңды ауыз-мұрынды тұмшаламай отырып оқу мүмкін емес. Басқасын қойғанда, сопылардың арасындағы кейбір жігіттердің зайыбына жолдаған жеке (интим) хаттарын да ұрлап алып, жария етуге арланбадың, саған басқа не жорық?! Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері сенің ағаң Нұрлан Әлімбековтің экстремистік пиғылдағы хатын тауып алған кезде, Ореке, баспасөз бетінде «заң бойынша, әрбір азаматтың хат жазуына құқығы бар және оның құпиялығы сақталуына кепілдік берілген» деп шырылдаған да сен емес пе ең? Сол біреудің ар-ұжданын құрметтеу талабы өз басыңа келгенде көзің тұнып, құтырып шыға келген болатынсың. Сонда Нұрланның өкіметке қарсы сарындағы хаттарын ашып алып оқу қылмыс та, дәл сондай қазақтың азаматының Құдай қосқан қосағымен жеке сырларын бөліскен хаттарын ұрлап алып, жаһанға жария ету сеніңше ғибратты іс пе, сонда?!.
Қазыбек Иса айтқан салпаңқұлақ кім?
Қазақ сендейлерге: «Өзімен кетсін!» дейді. Бұл – ақиқат. Оның үстіне баспасөзге көз салсам, сенің «тапсырыс орындағыш» даңқың жер жарады екен. Ұят аулынан атыңды жырақ байлағаныңды сенің тапсырыс беруші «достарыңнан» басқаның бәрі білетін сияқты ғой. Олар да білетін болар. Тек сені өз мүдделеріне пайдаланады ғой. Қазақы журналистиканың майталманы Қазыбек Исаның барша халықты аза бойы қаза боп сақтандырған «салпаңқұлағы» сен емес пе, осы? Осыны өзіңнен сұрайын деп ем. Есіңде болса, 2009 жылдың 9-қарашасында Қазыбек өзінің «Жас қазақ үні» газетіндегі «Салпаңқұлақтардан сақтаныңыздар!!!» атты мақаласында: «Бүгінде тапсырыс бергендердің табанын жалайтындар түк таппаса, дастархан басындағы үйішілік әңгімелерді де саясатқа пайдалана бастады. Олар үй аралап, көлік жағалап, ел адақтап жүріп, есіктен сығалап, тесіктен тыңдап, ойдан-қырдан естігенін жоғарыға немесе арнайы органдарға жеткізумен айналысуда... Абайға Оразбайдың қамшы сілтегенін де білеміз. Ондай ораздардың оразасы барларға ор қазуы бүгін де жалғасып жатыр… Әркімнің аузын аңдып, күткеніндей сөз шықпаса, ойындағысын қосып жіберетін және онысын қарғыбаулы шынжыры сылдырлап жүрсе де, «шындықты жариялау» деп түсініп, ресми сөз бен жел сөзді айыруға сауаты да, ары да жетпейтіндер аз емес. Олар дәл қазір тіміскіленіп, иісшіл иттей құлағы салбырап, сіздің де қасыңызда отыруы мүмкін… Сондықтан, салпаңқұлақтардан сақтаныңыздар!» Қазақ тілінен ешкімнен кеңес сұрамайтын Қазыбектің Оразбайды, оразаны ауызға алып кеп айтқан «ораздары» кім екен? Ол «ораздар» ізіне шам алып түскен «оразасы барлар» кім деп те ойлайсың кейде... Әруақтың күңіренісі Қазақта «әруақ атқан оңбайды» деген мақал бар. Сенің «Жас қазақтағы» мақалаңа түсінік бермеймін деп отырсам да, бір ғана тұсын айтпай кете алмадым. «Хабардың» «Ақиқатының» ізімен кетіп, Ысматолла қаридың шәкірті Айдын Тілежановты сопылар «жоқ қылды» дейтінге саятын айыптауды, еш негізсіз қоңырсытқаның, тіпті масқара болды. Шындығында, мұнда да өзіңе тән тәсілмен Қазыбекшелесек, «қағыс естіп» тисе терекке, тимесе бұтаққа сермепсің. Шындығында, сопылардың қазір қолдан құрастырылған «ісінде» бұл айып мүлде жоқ! Басында өзің білетін тапсырыс беруші күштер тергеу тобын арандатып, осы жалаға ұрындырды. Сөйтіп бел шешіп іздесе де, астарынан еш қылмыстың ізін таба алмай, жала екеніне көз жеткізіп, бас тартқан еді бұл айыптан. Енді сен және «Ақиқаттың» тасада қалған авторлары сол Алматы облысы Райымбек ауданының тумасы Айдынның қазір Жамбыл облысы Шу ауданында төркінінде тұрып жатқан зайыбы Қықшибаева Сандуғаш қарындасың мен оның тәрбиесіндегі алды мектеп табалдырығын жаңа аттаған екі перзентінің бетіне қалай қарайсыңдар? Зайыбы мен әкелерінің әруағын күңіренткеніңді олар кеше ме, олар кешсе де, Алла кеше ме? Білуімше, олардың саған қояр сұрағы да бар. Жолықпақ ниетте. Сопылармен жауласам деп көбірек молда жағалаған жігітсің, жетімді жылатқанның шариғаттағы үкімін өзің де білерсің... Біреуге ор қазғанның, оған өзі түсетінін бір кісідей-ақ көрдің ғой. Тапсырыс деген бүгін бар, ертең жоқ, Ораз! Ғұмырыңда бір мәрте шындықтың ескертуін алдың. Сенің сырттан іздеген «экстремисің» қасыңнан «табылды». Кеше жауларыңның ағаң Нұрлан мен өзіңе істегенін бүгін нақақтан күйіп отырған сопыларға істеме. Тағы да алдыңнан шығып жүрмесін. Себебі, Ореке, өзің анық білетіндей, дүние кезектен тұрады...
Амангелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы
Исматулла ақсақалға саясат қажет емес!
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевқа
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Үстіміздегі жылдың 20-21 сәуірінде, Сіздің шетелдік сапарыңыз кезінде «Хабар» телеарнасы өзінің апталық бағдарламасынан кенеттен ауытқып, Қожа Ахмет Ясауи негізін салған сопылық мектептің ізбасары Исматулла Әбдіғаппар жөнінде толықтай жалған ақпараттар мен бұрмаланған деректерге негізделген фильм көрсетті. Таққан айыбы – Исматулла ақсақал «зікірді пайдалану» арқылы азаматтарды өзіне бағындырып, саяси мақсаттарға, бәлки билікке таласуға ұмтылыпты-мыс.
Шындығында, Исматулла ақсақал – Ясауи, Абай, Шәкәрім, Бекет ата өсиеттеріне сәйкес, мемлекет басшысын Жаратушының жердегі көлеңкесі деп есептейтін, елдік ұғымын ту етіп ұстаушы бабалар дәстүрінің, яғни сопылықтың бірегей өкілі. «Басқа-басқа, қазақтың маңдайына біткен патшасын сыйлау, Алла Тағаладан оның амандығын тілеу – қай қаракөздің болмасын парызы және міндеті» дегенін өз құлағымызбен ол кісінің аузынан талай естідік. Ал, зікір ғибадаты болса, бабаларымыз ғасырлар бойы қолданып келген, ең алдымен, рухты, адамдық болмысты көркейтетін, барынша жетілдіретін, жүрек пен арды тазартатын қуатты құрал, оның саясатқа ешқандай қатысы жоқ!
Сондықтан да Сіздің үстіміздегі жылдың 11 наурызында Түркістан қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесу сәтінде «біздің халқымыздың рухани өзегі Қожа Ахмет Ясауи ілімі болып табылады» деген сөзіңіз мерейімізді өсіріп, көңілімізді қуанышқа бөледі. Өз кезегімізде, Исматулла Әбдіғаппардың ұлт бірлігі, елдік жөніндегі Сіздің көзқарасыңыз бен ұстанымдарыңызды жүзеге асыруға жан-тәнімен еңбек сіңірген, экстремизм мен терроризмге қарсы ымырасыздықпен күрескен ақсақал екендігін қай жерде, қай жиында болмасын мәлімдеуге әзірміз.
«Хабар» сияқты алпауыт телекеналды пайдалану арқылы, қалың көпшілік алдында Исматулла ақсақалдың беделіне нұқсан келтіру әрекеті жат діни ағымдардың өкілдеріне ғана пайдалы, өйткені олардың өрттей қаулап, тамырлап кетуіне күні бүгінге дейін И.Әбдіғаппардың басты және нәтижелі кедергі болғаны көпшілікке мәлім.
Қазіргі кезде осы фильмнің шығу мәні, саяси астары, оның тапсырушылары жөнінде түрлі-түрлі әңгімелер қаулап кетті. Біз өз тарапымыздан, тапсырыс берушілер ретінде аты аталып, түсі түстелген саясиланған діни күштер, олардың басшы тұлғалары туралы бірқатар БАҚ беттеріне жарияланған ақпараттар шындыққа сая ма деп қауіптенеміз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да шетелдік ықпалдың, әсіресе, «ваххабшылдық» кейпіндегі, бізде жұмсартылып «салафизм» деп аталатын атышулы арабтық ықпалдың күшеюіне алаңдаушылық білдіріп, жақында жариялаған арнайы пәтуасында дәл осы идеологиядан сақтандырды.
Осыған орай, фильмді түсіру жөнінде бастама көтергендерді және оны қасақана көрсеткендерді мемлекетке, қазаққа қарсы қаскөй күш ретінде батыл атауға болады деп түйдік. Өйткені олардың іс-қимылы – Сіздің елдікке, бірлікке шақырған саясатыңызға қайшы әрекет, қазақтың түп-тамырына шабылмақ балта. Айдың-күннің аманында жұртты шатастырып, бүкіл ел боп сайлаған Президентті алдаудан тайынбаған олардың болашақта зұлымдық пиғылдарын іске асыру үшін ешкімді де аямасы, ештеңеден де тайынбасы белгілі.
Фильмге тапсырыс берушілер 9 ай бойы қамауда отырған Исматулла ақсақал мен оның шәкірті, профессор Саят Ибраев сияқты бірнеше ат төбеліндей азаматтардан бүтін халықтың, Елбасы жауының бейнесін қолдан қасақана жасай отырып, қоғамда алаңдаушылық тудыруды, саяси жағдайды ушықтырып, сол арқылы өздеріне керекті жағдай қалыптастыруды көздеген, осылайша, жұрт назарын өздерінен алыстату мақсатын діттеген деп түсінеміз.
Құқықтық тұрғыдан алсақ, Исматулла Әбдіғаппардың бар айыбы – кәдуілгі медицина мен қаптаған күресуші органдар емдей алмаған жүздеген нашақор мен маскүнемді сауықтырғандығында. Нақты айтқанда, қолында Денсаулық сақтау министрлігінің лицензиясы болмағандығында. Ал, біздің ойымызша, Исматулла ақсақалдың бұл қызметіне лицензия талап етудің еш қисыны жоқ, өйткені сөз болып отырған рухани сауықтырудың әдеттегі медицинаға қатысы шамалы. Мұндағы сауығу Ясауи бабамыздың «Диуани хикметінде» айтылғандай, адамды тек рухани тұрғыдан нығайтатын зікір салу, яки Жаратқан Алланың атын еске алу арқылы жүзеге асқан. Жай-жапсары ақылға қонымсыз «қылмыстық іс» түрлі себептермен уақтылы сауыға алмаған осындай категориядағы шыншылдығы күмәнді бірді-екілі адамның жазған арыздарына негізделген. Оны фильмнің өзінен-ақ көруге болады. Ал, іс барысын қадағалап отырғандар болса әлі сот процесі басталмай жатып, яғни тиісті заңдарымызды өрескел бұзып, қажетті қоғамдық пікір туғызу үшін осындай өтірікке барып отыр.
Өткен жылдың қазан айынан бері біз Исматулла Әбдіғаппарды негізсіз қуғындау мен айыптауларға назар аударуыңызды сұрап, Сізге бірнеше рет хат жолдадық. Осы мәселелерге орай Өзіңіздің қабылдауыңызды сұрап, арнайы өтініш те жолдадық. Ондағымыз – осының бәрін дабыралатпай Өзіңізге айтсақ, алып-қосусыз жеткізсек деген үміт. Бірақ, ұшты-күйлі хабар жоқ, әсте хаттарымызды Сізге жеткізбейтін болса керек. Тіпті бара-бара дүйім жұрттың алдында масқаралап, жала жабуға көшкен соң еріксіз осы хатты жазуға бел будық.
Ата салтымен «Дат» деп отырмыз.
Бізді ұлтымыздың тағдыры, болашағы қатты алаңдатады. Елдің ынтымағы мен өркендеуінің бірден бір кепілі Өзіңізден осы бассыздықты тыйып, тиісті шара қолдануыңызды сұраймыз.
Назарыңызға «Хабарға» жолданған сотқа дейінгі талап-арыздың көшірмесін қоса жіберіп отырмыз.
Құрметпен,
Шерхан МҰРТАЗА, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері;
Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы,профессор, Абайтану ғылыми-зерттеу орталығының директоры;
Дидахмет ӘШІМХАН, жазушы, ҚР-ына еңбек сіңірген қайраткер, баспагер;
Аманхан ӘЛІМҰЛЫ, ақын, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері;
Есенғали РАУШАН, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері;
Тұрсын ЖҰРТБАЙ, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, , І.Жансүгіров атындағы сыйлықтың иегері;
Әселхан ҚАЛЫБЕКОВА, халық ақыны, «Парасат» орденінің иегері;
Светқали НҰРЖАН, ақын, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері;
Тасқара ҚАРАТАЙҰЛЫ, халық емшісі;
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, «Қазақстан-ZAMAN» халықаралық газетінің бас редакторы;
Абай БАЛАЖАН, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «ОРДА-KZ» газетінің бас редакторы;
Болат ҚОРҒАНБЕКОВ, филология ғылымдарының кандидаты, ясауитанушы;
Еділ ЖАҢБЫРШИН, Маңғыстау облыстық маслихатының депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, эколог-ғалым;
Оңайбек АБДИЛОВ, полиция полковнигі, ІІМ зейнеткері, техника ғылымдарының докторы, ҚР Заң ғылымдары академиясының академигі, Б.Сыртанов атындағы сыйлықтың лауреаты;
Ордалы ҚОСАЙ, ҚР білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты ұстаз, Ы.Алтынсарин медалінің иегері;
Аманжол МЕЙІРМАНОВ, ҚР ҒБМ ҒК, Философия және саясаттану институтының ғылыми қызметкері, ясауитанушы;
Бибайша НҰРДӘУЛЕТОВА, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Есенов атындағы КМТжИУ профессоры;
Алмас ҚУАНБАЙ, «Үш қиян»Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газетінің бас редакторы;
Шолпан САПАРБАЙҚЫЗЫ, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ш.Есенов ат. КМТжИУ доценті;
Рза ОҢҒАРБАЙ, ақын,ҚР журналистер одағының мүшесі;
Ықылас КӨШЕРБАЙ, Ақтау қалалық маслихатының ІІІ-ІV-шақырылымының депутаты;
Базарбай ӘБДІРАХМАН, қажы, дінтанушы, өлкетанушы;
Ануарбек БИМАҒАМБЕТ, ақын, «Шабыт» фестивалінің лауреаты;
Амангелді ЖҰМАШ, зерттеуші-журналист;
Марат ОСПАН, Кенен Әзірбаев әдеби-мемориалдық музейінің директоры;
Қазбек ҚАБЖАНОВ, ақын, журналист, «Шабыт» фестивалінің лауреаты;
Тоқтар АБАЙЫЛДА, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Алматы қаласы №17 мектеп-интернатының директоры;
Зейнулла ҚОСАЙҰЛЫ, ата-ана.
«Хабар» агенттігі» АҚ-ның басшылығына
СОТҚА ДЕЙІНГІ ТАЛАП
Биылғы жылдың 20 сәуір күні, кешкі сағ. 21.30-да, бағдарламада көрсетілуі тиіс кинофильмнің орнына «Ақиқат» деген атпен жоғарыда аттары аталған маған сенім білдірушілер мен менің қорғауымдағы азаматтарды ашық түрде айыптаумен ұштасқан деректі фильм көрсетілді.
Аталған деректі фильмнің аяқасты, асығыс, сапасыз әрі арнайы тапсырыспен қойылғаны туралы пікірлер қазірдің өзінде баспасөз құралдарында айтылуда (Жас алаш, Абай.кз т.б.).
Алайда, заңгер ретінде мен тек қана осы деректі фильмге қатысты лауазымды тұлғалардың бір емес, бірнеше заң нормаларын бұзғандығына тоқтала кеткім келеді, атап айтқанда;
1. ҚР Конституциясының және ҚР ҚІЖК-нің 19 бабына сәйкес, әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі заңда көрсетілген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады. Сонымен қатар, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 25 бабында, азаматтар мен ұйымдардың ар-намысына (олардың ішіне мемлекеттік органдар, қоғамдық, ғылыми және діни бірлестіктер кіреді) тиетін ақпараттар тарату, сонымен бірге, сот органдарына БАҚ арқылы ықпал жасау әрекеті заңмен көзделген тәртіпте жауапкершілікке әкеп соғатыны нақты белгіленген.
Сіздің арнада көрсетілген деректі фильм сот болар алдында және ең бастысы біз таңдаған сот түрі, алқа билері үшін айыпталушылар туралы алдын-ала жағымсыз пікір қалыптастырып отыр. Айта кететін мәселе, сот алқа билері кәсіби заңгерлер емес, қарапайым адамдар, әртүрлі мамандық иелері, ал сот үкімі солардың көпшілік дауыс беруіне байланысты шығарылады.
2. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 145 бабы, 1 тармағына сәйкес, қандай да бiр адамның суреттiк бейнесiн оның келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерiнiң келiсiмiнсiз пайдалануға ешкiмнiң де құқығы жоқ.
Аталған баптың 2 тармағы бойынша, басқа адам бейнелеген бейнелеу
туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) - бейнеленген адамның келiсiмiмен, ал ол қайтыс болғаннан кейiн оның балалары мен артында қалған жұбайының келiсiмiмен ғана жариялауға, қайта шығаруға және таратуға жол берiледi – деп нақты көрсетілген. Алайда, деректі фильм түсірушілер тарапынан маған сенім білдірушілердің келісімінсіз, олардың бірнеше қайтара бейнелері көрсетілген. Сол арқылы аталған азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына телеканал басшылығы тарапынан тікелей жол берілген.
3. Маған сенім білдірушілердің қалған бөлігі болса өздерінің берген сұхбаттары бойынша айтылған ойлары бұрмаланғанын көрсетеді. Яғни, олардың айтқан сөздерін қиып тастау арқылы журналист белгілі бір мақсатты көздеген.
4. Фильмді түсіруші шығармашылық топтың мақсаты, белгілі-бір топтың тапсырысын орындауға бағытталғанына дәлел болатын және бір жайт – айыпталушылар қорғаушысының біреуінен интервью ала тұра, оны фильмде мүлдем көрсетпеуі.
Осы аталған жағдайлардың өзі – шығармашылық топтың фильмді түсіруде біржақтылыққа жол берілгенін дәлелдейді.
Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, «Хабар» агенттігі» АҚ-ның басшылығынан:
1. Аталған деректі фильм бойынша жан-жақты және объективті түрде
қызметтік тексеріс жүргізуді.
2. Нәтижесі бойынша ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының
19 бабы, 1 тармағына сәйкес, ресми түрде кешірім сұрауды талап етемін.
3. Егер сотқа дейінгі талапта көрсетілген мән-жайлармен келіскен жағдайда,
2001 жыл 6 мамырға дейін жазбаша түрде жауапты жолдауды.
4. Егер аталған мерзім ішінде жауап берілмеген немесе талабымыз
қанағаттандырылмаған жағдайда, сот, құқық қорғау және басқа да органдар мен ұйымдарға шағымдану құқығымызды пайдалануға мәжбүр болатынымызды мәлімдеймін.
Құрметпен, адвокат А.Құспанов
2011 жылғы 29 сәуір
Айдар Торекулов. Козлы отпущения или кто и за что подставил суфистов?
Одной из «горящих» тем последних дней в СМИ стал ажиотаж вокруг так называемых суфистов. Точнее масс-медиа сконцентрировали свое внимание на преследовании адептов этого течения властями. С осени прошлого года правоохранительные органы ведут оперативно-следственные мероприятия в отношении указанной религиозной секты. Их учебные заведения (медресе) и центры подверглись обыску, лидеры и активисты были арестованы. Специально в этих целях создана межведомственная комиссия, в состав которой вошло около 300 сотрудников финансовой полиции, МВД, КНБ и Прокуратуры. Случай беспрецедентный со времен независимости, если учесть, что до этого в отношении ни одной религиозной общины не применялись такие спецмеры. Среди выдвигаемых обвинений прозвучало религиозный экстремизм, попытка разжигания межконфессиональной розни и т.д. Проясняя причины столь жестких мер в некоторых СМИ прозвучали предположения столь «нездорового интереса» к суфизму. Озвучиваются версии, что во главе антисуфистской кампании стоят так называемые «салафиты» и глава Администрации Президента РК Аслан Мусин – отец известного лидера течения «коранитов» Асылбека Мусина. Подоплека казалось бы, проста, по устоявшемуся мнению атака на суфистов это не что иное как «разборка» религиозных течений, война двух противоборствующих сторон на основе конфессиональных разночтений. Однако истинные причины инцидента лежат гораздо глубже. Город ТуркестанВсем известно об обострении межклановой войны в стране. Одним из самых влиятельных среди них считается «южный клан», представители которого до этого времени контролировали часть правоохранительных органов и сферу политического управления. Лидером этой группы является Сарыбай Калмурзаев, а примкнули к нему Кайрат Мами, Кайрат Кожамжаров, Канат Саудабаев и другие. Ранее в прессе не раз говорилось о том, что несколько лет назад группа под предводительством С.Калмурзаева, составив десятилетний план действий, предприняла активные шаги по захвату власти. Активно муссировались слухи о «заговоре южан» против главы государства. Так вот, именно «южане» стоят во главе кампании направленной против суфистов. При этом их мотивация была исключительно политической. По замыслу давление на суфистов должно было породить смуту среди населения и внести раскол в общество. При этом активно распространялась информация о том, что гонения суфистов осуществляются по личному поручению «01-го». Ожидалось, что после ареста духовного лидера общины многочисленные последователи этого течения выйдут на улицы в знак протеста, спровоцировав массовые волнения по примеру некоторых соседних стран. Ожидалось, что они выступят под флагом «суфиста» Тасмагамбетова. Таким образом, дестабилизировав политическую ситуацию, клан планировал прибрать власть к рукам. Так, «южане» стремились к реализации двух задач. Первое, пожалуй, самое главное, это – достижение реальной власти, устранив первое лицо государства. Второе, в суматохе с суфистами ликвидировать своего главного оппонента, харизматичного Тасмагамбетова, того кого по их опасениям, смог бы повести за собой народ. Но их ожидания были напрасны. Того и другого варианта развития событий не случилось. Оперативную разработку суфистов вела финансовая полиция. За несколько месяцев до начала кампании финпол начал усиленную разработку активистов и членов секты. Задача была проста: изучить и обосновать опасность суфистов, собрать доказательства их преступлений. И это тоже нонсенс, так как религиозная сфера не входит в компетенцию финансовой полиции. Но там же сидел «свой» для «южан» человек – Кайрат Кожамжаров! Вопрос компетенции и законности отодвинули на второй план. Игра стоила свеч. Победителей, как правило, не судят. Однако всякий план, как и всякий срежиссированный замысел иногда дает сбой. С.КалмурзаевПредполагаемой бурной реакции последователей общины на арест их лидера Исматуллы Абдугаппара не последовало. Ее и не могло быть, так как вопреки приписываемым интернетом обвинениям истинного «родства» между суфистсткой общиной и группой «Таса» вовсе не существовало. И еще, случилось, казалось бы, невероятное: практически сразу после начала атаки на суфистов Комитетом национальной безопасности арестован высокопоставленный чиновник Генпрокуратуры Мусабеков, протеже клана «южан». Ему вменялась прослушка телефонных разговоров личного врача главы государства и других лиц с целью шантажа. Выяснилось, что Мусабеков занимался этим не по собственной воле, а по поручению С.Калмурзаева и К.Мами. Пытаясь спастись «южане» с неистовым рвением кинулись доказывать, что истинная опасность исходит не от них, а от суфистов и их «союзника» Тасмагамбетова. Подконтрольным следователям и оперработникам поручено прилагать все усилия по фабрикации доказательств вины суфистских лидеров. Однако все попытки не принесли должного результата, следствие так и не нашло каких-либо серьезных доказательств вины подозреваемых и зашло в тупик. Тем временем судьба самих «южан» уже, по всей видимости, решилась. Обстоятельства складываются не в их пользу: К.Мами отправлен в почетную «ссылку», тогда как сам всемогущий С.Калмурзаев ушел в политическое небытие. Свое место на «договорных основах» сохранил лишь К.Кожамжаров. Недавно по «Хабару» прошел документальный фильм, нацеленный на дискредитацию суфистов и их лидера. Запоздалый «сюрприз» не дал ожидаемого эффекта. Это случилось по причине бросающегося в глаза устаревшего фактажа и несоответствия его идеологических постулатов к нынешней политической конъектуре. Передача скорее продемонстрировала агонию «южан», а не суфистов. То, что трансляция проходила в прайм-тайм и вне программы телепередач лишний раз свидетельствует о высоком уровне давления оставшихся у руля «южан» на руководство медиаструктуры. Таким образом, в случае с суфистами мы стали невольными свидетелями неудавшейся провокации на государственном уровне. Тем временем Кожамжаров взялся за свою очередную жертву – своего вчерашнего союзника Карбозова, кстати, тоже «южанина».
Источник: http://www.zonakz.net/blogs/user/aidar_torekulov/16677.html
Теги: вахабизм, кланы, политика, суфизм
|
|
|